Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Ақорда

Фото: Ақорда

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

концерт

Фото: Ақорда

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Ақорда

Фото: Ақорда

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алған болатын.