Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Су басқан өңірлердегі оқушылар ҰБТ-да төмен балл жинауы мүмкін – сенатор

Қазақстандағы су басқан өңірлерде оқушылар ҰБТ-да төмен балл жинауы мүмкін. Бұл туралы сенатор Ғалиасқар Сарыбаев айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Су басқан өңірлердегі оқушылар ҰБТ-да төмен балл жинауы мүмкін – сенатор

Сенатордың айтуынша, бүгінде төтенше жағдай жарияланған 41 елді мекеннен 117 мың 617 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оның ішінде 43 887 бала бар. 18 651 адам өз үйіне оралды.

Сондай-ақ 92 мың 34 адам туыстарының үйінде, 6 932 адам уақытша орналастыру пункттерінде. Оның ішінде 3143 бала бар. Өкінішке қарай, 8 білім беру объектісі су астында қалған.

Ғалиасқар Сарыбаевтың пікірінше, табиғи апат болған өңірлерде оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы төмен.

«Су тасқынына байланысты еліміздің 11 облысында оқушылар сәуір айынан бастап қашықтан оқуға көшті. Оқыту процесі су басу қаупі бар 56 мектепте, сондай-ақ уақытша қабылдау пункттерінде орналасқан 32 оқу орнында ұйымдастырылды. Эвакуациялық пункттерде балаларға қажет барлық жағдай жасалған. Алайда төтенше жағдай биыл мамыр-маусымда өтетін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысу үшін оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына кері әсерін тигізді», - деді депутат премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың айтуынша, балаларды ҰБТ-ға дайындау саласындағы реттеуді мемлекеттік органдардың бірде-бірі іске асырмайды. Өйткені, бұл функциялар Оқу-ағарту министрлігінде де, Ғылым және жоғары білім министрлігінде де көзделмеген.

Бұл ведомстволар үшін талапкер оқушы емес, ал оқушы студент емес. Осыған байланысты біз зардап шеккен аймақтардағы түлектердің тағдырына алайдаймыз. Апатты табиғи жағдайға байланысты бұл балалардың ҰБТ-да төмен нәтиже алып, мемлекеттік білім беру гранттарына қол жеткізе қалмай қалуы сөзсіз, - деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Су басқан өңірлерде ҰБТ-дан өтетін қанша түлек бары белгісіз.

Төтенше жағдайда әдетте оқу процесіне қатысты іс-қағаздардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың жоғалуына әкеледі. Осыған байланысты уәкілетті министрліктер түлектердің құжаттарын тезірек қалпына келтіруге көмектесуі қажет. Себебі оқу маусымының бітуіне бар болғаны 38 күн қалды. Ал төтенше жағдайда қалған қанша бала оқуды бітіретіні әлі анықталмаған, - деді ол.

Екіншіден, су басқан аймақтарда ҰБТ өткізу пунктері де зардап шеккен болуы мүмкін. Ол да әлі қарастырылмаған. Тестілеудің екінші кезеңі алдында олардың қызметін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

«Үшіншіден, екі бейінді министрлік қалыптасқан жағдайды назарға алып, түлектерді ҰБТ-ға даярлауға және олардың жоғары оқу орнына түсуіне жәрдемдесу жағын қарастырса, меншік иелігіне қарамастан әрбір ЖОО басшылары жастарға деген қамқорлық ретінде ректор гранттарын тағайындаса абзал болар еді.

Төртіншіден, әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидасында табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа, отбасына не мүлкіне залал келтірген жағдайда, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме белгіленген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде алдын ала қаражат қарастырып, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге қолдау көрсетуі керек.

Бесіншіден, талапкерге жоғарғы оқу орнына түсуі кезінде қажет медициналық тексеру тегін және бірінші кезекте берілгені дұрыс», - деді депутат.