Бишімбаев соты: Байжанов телефон соққан дәрігер Салтанаттың өлімі туралы тың мәлімет айтты

Сот отырысында куәгер ретінде дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаевтан жауап алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бишімбаев соты: Байжанов телефон соққан дәрігер Салтанаттың өлімі туралы тың мәлімет айтты
Фото: видеодан скриншот

Бұған дейін Бақытжан Байжанов Нүкенова қаза тапқан күні дәрігерге қоңырау шалғанын айтқан болатын.

Байжановтың сөзінше, ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған.

«Мен нарколог емес екенімді айттым. Бірақ алкогольден мас болудың қауіпті екенін ескерттім, сондықтан жедел-жәрдем шақыруға кеңес бердім», - деді куәгер.

Байжановтың адвокаты одан «Байжановқа мүсәтір спиртін ал деген сіз бе?», деп сұрады. Куәгер оны жоққа шығарды. Содан кейін адвокат Бишімбаевқа сұрақ қойды:

«Сіз осы уақытқа дейін осы дәрігер, яғни, Ерсұлтан Сәрсенбаев мүсәтір спиртін алуға кеңес берді» дедіңіз. Бұны қалай түсіндіресіз?», - деді.

Бишімбаев оған дәрігердің өзіне тікелей емес, Байжанов арқылы айтқанын жеткізді.

Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың сөзін теріске шығарып тұр. Ол «мен мүсәтір спиртін түскі 13.27 кезінде алып келдім, ал Ерсұлтанға сағат 15.33 шамасында хабарластым. Сондықтан бұл жерде ешқайдай қисын жоқ», - дейді адвокат.