Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны туралы ағымдағы деректерді жариялады.

Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"

«18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», — деп жазды ведомстводан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.