«Қазгидромет» РМК мамандары бүгінге, 18 сәуірге Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
«Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, тағы жаңбыр жауады деп күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшеюі, түнде және таңертең тұман болуы сынды ортақ табиғи құбылыстар сипат алады», - делінген хабарламада.