Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина мемлекеттік айыптаушының өтінішімен сотқа қайта шақырылды. Қазір құрбылардың бір-біріне жазған хаттары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Нүкенова Ахмединаға жазған хатында Бишімбаевқа ешқандай психологтың көмектесе алмағанын айтқан.
«Кейде жақсы адамның кейпін танытады. Білмеймін, өзім шатысып кеттім, бірақ онымен бірге тұрғым келмейді. Жалғыз болғым келеді. Бұндай адамдар ешқашан жазылмайды. Олар психологқа мақтану үшін барады. Өзінен басқаның бәрінің ақымақ екенін айту үшін барады. Мен тағы кеткім келді, бірақ ол мен кешіргенше қолынан келгенінің бәрін істеп, бәрін айтады. Содан кейін кек алуға кісіреді. Ол психотерапиядан өтті. Біз Алматыға бардық. Тайландтан ұшып келген мәскеулік психологтрың 2 айғы қызметіне 10 мың доллар төледі. Бірақ еш нәтиже жоқ. Бұндайлар өзгермейді. Ол түнімен ұйықтамайды, мүлдем ұйықтамайды, маған ұйқы бермейді. Маған сөйлеп, сұрақ қояды, тыңдамадың деп ашуланып, айғайлайды. Параноялық ойлары бар. «Менің ұйқы көрмегеніме екі күн болды, ұйқы берші» деймін. Ол «онда сенің маған түкіргенің бар ғой» дейді. Егер шынымды айтсам, мен оны аяймын. Ол шынымен ауру», - деп жазған Нүкенова.
Салтанат құрбысына Бишімбаевтың күні-түні қасында екенін, одан басқа ешкімді көрсейтінін айтқан.