Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды.
Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.
Соған орай жұдырықша жұмылған шаһардың белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін (тұт ағаштары) отырғызды.
Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.