Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жамбыл облысында тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған  республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында  облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жамбыл облысында тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды.

Бұл апта  тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.

Соған орай жұдырықша жұмылған шаһардың белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін (тұт ағаштары) отырғызды.

Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.