Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтөбе облысында қор директоры балаларды емдеуге жиналған ақшаны жымқырған

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақтөбе облысында қор директоры балаларды емдеуге жиналған ақшаны жымқырған
Фото: polisia.kz

Полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны More life қорының өкілдеріне қатысты арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген.

Қылмыстық іс бойынша 6 жәбірленушінің шағымы басшылыққа алынды. Азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асқан. Бір жағдайда, 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті қаржыны жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Әртүрлі сылтаумен ақша аударымын жасамаған. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығынан дереу полицияға хабарласуды сұрайды.