Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта ауыл тұрғындарымен кездесу барысында қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді
Фото: turkystan.kz

Бұған дейін хабарлағанмыздай, Қазақстанда 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынған болатын. 

Алайда, биыл күзде Қазақстанда киік атуға қайта рұқсат етілетіні туралы Самарқанда өткен үнемі қоныс аударып тіршілік ететін жабайы жануар түрлерін сақтау конвенциясының кезекті отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеген болатын. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік санын мемлекет реттемесе, киіктің көбеюі шаруаларға зиян тигізеді деген уәж айтқанын жазған болатынбыз.