Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Оқушы қызды зорлаған»: Жамбыл облысында депутаттың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысы Сарысу  ауданында 12 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқушы қызды зорлаған»: Жамбыл облысында депутаттың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

55 жастағы айыпталушы – Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі. Айта кетейік, жеткіншектің аяғы ауыр болып, оны мұғалімдер ата-анасының рұқсатынсыз жеке клиникаға апарып түсік жасатқан болатын.

«Күдіктіге өмір бойы педагогикалық қызмет атқаруына шектеу қойыла отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Моральдық өтемақы шығыны ретінде 3 млн теңге төлеу міндеттелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.