Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкенттен қыз алып қашқан маңғыстаулық 4 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚК 125-бабы 1-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шымкенттен қыз алып қашқан маңғыстаулық 4 жылға сотталды
Фото: видеодан скриншот

Сотталушы әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен танысқан. Содан Жаңаөзен қаласынан келіп, үйлену мақсатында қызды алып қашқан. 

Жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен және алынған бейнежазбамен, сотталушының кінәсін мойындау жауаптарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

«ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді. Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ» — делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.