Түркістан облысында қызғалдақ жұлған бойжеткен жауапқа тартылатын болды

22 жастағы қыз өзі жұлған қызғалдақпен суретке түсіп, оны желіге жүктеген.

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған бойжеткен жауапқа тартылатын болды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Полиция қызметкерлері «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. 

қызғалдақ

Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

«Барлық жағдай анықталып жатыр. Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.