12.04.2024, 16:54

Орынбордан Жайыққа секундына 3 мың текше метрден астам су келуде

Фото: inform. kz

17-19 сәуір күндері Ресейдің Орынбор облысынан Жайық өзініне ірі көлемде су келеді деген болжам бар, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Жағдай әлі де күрделі, себебі көршілес Реейдің Орынбор облысынан Жайық өзеніне секундына 3 мың текшеметрден астам көлемде су келуде. Мамандардың мәліментінше, Жайық өзеніндегі су деңгейі 890-930 сантиметрге дейін көтеріледі. Қауіпті деңгей - 850 см. Бүгінгі таңда Январцево гидропостында су деңгейі тәулігіне 18 см-ге артып, 795 см-ге жетті. Орал қаласында су деңгейі соңғы тәулікте 8 см-ге көтеріліп, 736 сантиметрді құрады. Су ағынының қарқыны жылдам», - деді БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ-де өткен брифингіге ZOOM арқылы қатыса отырып. 

Оның айтуынша, 17-19 сәуір күндері Орынбор қаласынан ірі көлемде су келеді деген болжам бар. 

«Осыған байланысты, облыстың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80-нен астам елді мекені мен Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласының аумағын су басу қаупі тұр. Қазіргі уақытта облыс орталығының шетіндегі 800-ден астам саяжай үйлері су астында қалды», - дейді ол.