Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодар облысында басқарма басшысының орынбасары сотталды

ҚМА «Қамқор» жедел алдын алу шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Павлодар облысында басқарма басшысының орынбасары сотталды
фото: Halyq uni

«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқарма мемелекеттік сатып алу негізінде «Арт-Class» ЖШС және «Аюм и Д» ЖШС-мен мүгедектерге ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармалық қамтамасыз етуге бірқатар шарттар жасағаны анықталды. Жалпы сомасы 476 млн теңгеден асты.

Бұл арқылы жеткізушіге 133 млн теңгеге жуық екені мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алу түрінде залал келтірілген. Сарапшылардың қорытындысы бойыншы қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді.

Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот үкімімен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.