Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланды. 

Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 12 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары.

«Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды арықтарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны туралы жазған едік.