Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты.
Ұлттық құраманың балуаны 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалында Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты жеңген.
Финалда ол Бахрейннің спортшысы Ахмед Тажудиновпен немесе ирандық Мұхаммадхосейн Мұхаммадианмен күш сынасады.
Ризабек Айтмұхан былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған.