Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атбасарда 5 жасар баланы шымшып алған тәрбиешіге сот үкімі шықты

Ақмола облыстық сотында 5 жасар баланы шымшып алған тәрбиешіге сот үкімі шықты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Атбасарда 5 жасар баланы шымшып алған тәрбиешіге сот үкімі шықты
Фото: Ақмола обл. сотының баспасөз қызметі

Сотта анықталғандай, Атбасар қаласының балабақша тәрбиешісі 5 жасар баланың денесін шымшып, жеңіл түрде жарақат салып, оның денсаулығына зиян келтірген.

Құқық бұзушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, баланың өкілінің тәрбиешіге қатысты шара қабылдау туралы өтінішімен, сарапшының көгеру түріндегі баланың дене жарақатын анықтағаны туралы қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Құқық бұзушыға жаза тағайындап жатыр. Сот кінәсін мойындауын және екі кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін жағдайлар ретінде таныды. Ал құқықбұзушылықтың балаға қатысты жасалуы жазаны ауырлататын жағдай деп танылды. Кәмелетке толмаған балаларының болуы себепті, айыпталушыға қатысты қамаққа алу шарасы қолданылмады. Сот қаулысымен тәрбиешіге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар, сот ауданның білім бөлімі басшылығы атына жекеше қаулы шығарды. Онда балабақша тәрбиешісінің құқықбұзушылығы туралы баяндалып, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің басқа қызметкерлері тарапынан жол берілген мұндай жайттарға шара қолдану көзделген.

Сот отырысы Атбасар қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен өтті.