11.04.2024, 10:59

Бишімбаевтың сотында күтпеген жағдай болды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша іс материалдарын зерттеу жалғасып жатыр. Сот барысында сотталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді. 

Заңға сәйкес, судьяға қарсылық бiлдiру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс. 

Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығару арқылы шешедi, – делінген заңда.