Назарбаевтың келіні зорлық көріп жүрген әйелдерге ақыл-кеңес айтты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Аида Әлиева қазір елімізде болып жатқан ең даулы сот отырысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Назарбаевтың келіні зорлық көріп жүрген әйелдерге ақыл-кеңес айтты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Нұралы Әлиевтің жары отбасындағы зорлық-зомбылықтан құтылу өте қиын екенін айтады.

«Отбасындағы тиранмен қарым-қатынас кезінде жәбірленушіге «неге кетпейсің?» деген сұрақты қойғанда мына нәрсені есте сақтайық: екінші жақ өзін үнемі  сондай мейірімді етіп көрсетеді. Соның салдарынан адам қиналады. Ол жерде сөз беру, қорқыту да болады», - дейді ол.

Аида Әлиева атағандай, мұндай жағдайлардан қорғанатын негізгі тәсілдерді білу керек.

«Ондай "жануарлардан" қалай қорғану керек деген базалық тәсілдерді білу керек. Қазір барлық әйелге айтарым, үйдегі ұлдарыңызға ауа қалай қажет болса,  әйелді сыйлау да сондай қажет екенін ұғындыру керек. Зорлық-зомбылықтың ешбір түріне жол берілмеу керек. Ешбір ата-ананың, ешбір тәрбиешінің баланы ұруға қақысы жоқ. Күшті болғаны үшін еркек те әйелді ұрмауы керек», - дейді Әлиева.

Еске салсақ, қазір елімізде өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты болып жатыр.