Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Тәжікстан азаматы Астанада теракт жасамақ болды»: полицейлер күдіктіні қамауға алды

Астана қаласының тұрғыны көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол «102» арнасына телефон соғып, Тәжікстан азаматының пәтерінде теракт ұйымдастырмақ болғанын хабарлаған, деп жазды Paryz.kz. 

«Тәжікстан азаматы Астанада теракт жасамақ болды»: полицейлер күдіктіні қамауға алды
фото: grandships.ru

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, ведомствоның экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаланың жалған хабарлама берген 41 жастағы тұрғынын анықтаған.

Осы факті бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, азаматтың орташа дәрежедегі мас болғаны анықталып, ол Астана қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер салдарын біле тұра жалған хабарлама жасау ауыр қылмыс саналатынын ескертеді.

«Болып жатқан лаңкестік актісі туралы хабарлау 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бас бостандығын шектеуге немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген хабарламада.