Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, былтыр 20 мың педагогтің құжаты тексерілген.
2023 жылы облыс бойынша 20 мыңнан астам педагогтің дипломы құқық қорғау органдарына тексеруге жіберілді. Нәтижесінде 7 педагогтің дипломы жалған болып шықты, - деді Динара Жұмашева.
Оның айтуынша, биыл да дипломы жалған мұғалімдер анықталған.
Жыл басынан бері 9 педагогтің білімі туралы құжаты расталмады. Олар қызметінен босатылды. Қазір жоғары оқу орындарынан тағы 7 938 педагогтің дипломы бойынша жауап күтіп отырмыз, - деді облыстық білім басқармасының басшысы.