«Бауырлас елге көмек бергім келді»: Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Ресейдегі Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.

Ол Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңында ауылда тұрады. Атырау облысына дейін 50 қап салынған сөмкелерді жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген.

«Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 мың қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім», - дейді Омарасхаб Ахмедов.

Оның айтуынша, туған жеріндегі таныстары мен достары туған жеріне оралуын асыға күтіп отыр. Енді олардың Атырау облысына гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жеткізеді. 

«Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым – туысқан халықтың осындай қиындықтан аман қалуына үлесімді қосуым», -дейді Омарасхаб Ахмедов.

Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, Ресейдегі Астрахань облысында тұратын қандастар да гуманитарлық көмек жинап жатыр. Олар жақында гуманитарлық жүкті Атырауға жібереді.