Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды – министрлік

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларындағы жағдайды баяндады. Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, су тасқынының белсенді кезеңі Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды – министрлік
Фото: Үкімет

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100%-ға толды, су тасқыны жалғасуда. Есіл өзеніне су ағынының қарқыны төмендеді.

«Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 67%-ға толды. Шаған өзені деңгейінің көтерілгені байқалады, бүгінде Шаған су қоймасына ағын секундына 700 текше метр. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Ресейдің жедел мәліметтері бойынша, Иреклі су торабынан су жіберу секундына 1342 текше метрге дейін төмендеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 62%, олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.