Бұл жайлы журналистерге сот кулуарында Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Байжанов бәрін ағасы Бишімбаевтың ықпалымен істеген.
Ол бүгінгі таңда тек ағасының кесірінен тергеліп жатыр. Ол бес ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына “көп рақмет” айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес – ол бәрін соның ықпалымен істеген. Ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой – кешіруге дайынбыз, – деді Қайрат Нүкенов сот кулуарында.