Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.
Ұсталғандардың бірін Қытайдың құқық қорғау органдары іздестірген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Қатар арқылы кірмек болған.
Ал екінші ер адамға Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады.
Қазір қылмыскерлер қамауға алынды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.