09.04.2024, 12:25

«Әйелі тірі деп үміттенемін». Сотта «Bau» қызметкерлерінің хаты оқылды

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бишімбаев сотында Bau мейрамханасының қызметкерлерінен жауап алынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Bau мейрамханасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыдан жауап алынды. Ол Салтанат қаза болған түні мейрамхана әкімшісімен хат алмасқан. Куәгер таңғы 6.35-те жұмысын аяқтағанын айтып, былай деп жазған:

Мейірбеков (06:57): VIP залдың астаң-кестеңін шығарған сияқты. Әйелі тірі деп үміттенемін.

Қарлығаш (07:49): Кешіріңіз.

Мейірбеков: "Маски-шоу" ұйымдастырды.

Қарлығаш: Қалай сонда?

Мейірбеков: Біз кетіп бара жатқан кезде ол әйелін не ұрып жатты, не заттарды қиратып жатты, кетіп қалдық.

Қарлығаш: Дұрыс істепсіңдер, ол ішкен бе? 

Мейірбеков: Әйелімен сылқия ішіп алған.

Қарлығаш: Әбден шаршатты ғой .

Мейірбеков: Әйнек терезені сындыра жаздады.

Қарлығаш: Күзет болмады ма?

Мейірбеков: Жоқ, асхананы қиратты.