Астанада резеңке бұйымдар сақталған қойма өртенді, деп хабарлады ТЖМ.
Оқыс оқиға Сарыарқа ауданында болған. Өрттің ауданы – шамамен 1 мың шаршы метр. Резеңке бұйымдардың жанып, жоғары температураның болуы өртті сөндіруді қиындатты.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 маманы мен шамамен 15 техника жұмылдырылды.
Өрт таңғы сағат 08:46-да сөндірілді.