Шахтинск қаласында әйел адам тоғызыншы қабаттан құлады

Шахтинск қаласында әйел адам тоғызыншы қабаттан құлады. Оның балконнан құлаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шахтинск қаласында әйел адам тоғызыншы қабаттан құлады
фото: әлеуметтік желіден

Видеода әйелдің тоғызыншы қабаттағы балконның карнизін ұстап тұрғанын көруге болады, содан кейін ол төмен қарай құлап кетеді. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жедел жетті.

«8 сәуірде Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан секіріп кетті. Нәтижесінде ол ауыр жарақат алып, қайтыс болды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция болған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.