Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ресейде Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Ресей Федерациясының Самара облысында Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды РФ Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының Мемлекеттік жол инспекциясы.

Ресейде Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар
Фото: Ресей Самара облысының жол полициясы

14:15, 08 Сәуір 2024 | GMT +6

 

Ресейде Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

Авария, ДТП в России

Фото: Ресей Самара облысының жол полициясы

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының Самара облысында Қазақстаннан келген автобус апатқа ұшырады, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды РФ Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының Мемлекеттік жол инспекциясы.

Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасының мемлекеттік жол инспекциясының бастығы Юрий Некрасовтың айтуынша, 8 сәуірде шамамен сағат 01:00-де Кинельский ауданында автобус жол апатына ұшырады.

Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жинаған материалдардарға қарағанда, SCANIA автобусын басқарып келе жатқан жүргізуші «Урал-Муханово» тасжолының 26-шы шақырымында жылдамдықты асырып, аударылып қалды. Оқиға орнында 2 жолаушы қаза тапты, 10 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілген.

Бұл автобустың Қазақстанда тіркелгені анықталды. Ол Өзбекстан азаматтарын тасымалдап жүрген. Автобус Шымкент-Нижний Новгород бағытымен келе жатқан болатын.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, облыстық мемлекеттік жол инспекциясының басшылығы және РФ ІІМ аумақтық департаменті жұмыс істеп жатыр.