Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі қаскүнемдердің өздерін комитет қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтық жасайтын жағдайлардың жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазіргі уақыттаөздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыратын, телефон алаяқтарының қатысуымен болатын оқиғалар жиілеп кеткен. Қаскүнемдердің мақсаты - ақшаны заңсыз иелену. Сол үшін де олар қаржылық операцияларды жүргізуге азаматтардың өзінен көмек сұрайды.

«ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтардан күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар келіп түскен болса полицияға жүгінуді сұрайды.