Астананың маңындағы ауылды су басты

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылын су басты, деп хабарлады ТЖМ.

Астананың маңындағы ауылды су басты
фото: ТЖМ

Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі салдарынан Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.

Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындайды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.