Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толуға жақын

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл және шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Сергеев су қоймасы бүгінде 94 % толған.

СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толуға жақын
Фото: qyzyljarnews.kz

10:14, 04 Сәуір 2024 | GMT +6

 

СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толуға жақын

СҚО

Фото: qyzyljarnews.kz

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл және шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Сергеев су қоймасы бүгінде 94 % толған.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылы жанынан өтетін Есіл өзенінің дейгейі өткен тәулікте тағы 105 см-ге көтерілген. Осылайша тереңдігі 710 см-ге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей – 1800 см.

Крещенка елді мекенінің маңында да Есіл өзенінің суы молайып жатыр, бір тәулікте көрсеткіш 52 см артты.

Иманбұрлық өзенінің де суы толып келеді. Бір тәулікте Соколовка елді мекенінің маңында оның деңгейі 71 см-ге көтерілген.

Рузаевка елді мекеніндегі гидрологиялық бекет Шарық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 45 см-ге артқанын көрсетті.

Шал ақын ауданында орналасқан Сергеев су қоймасында су деңгейі 34 см-ге көтерілді. Осылайша бөген бүгінде 94% толған.

Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге артты.