Алматыда жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.
Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші қатысушы ұсталып, қамалған. Алайда істің жай-жапсары айтылмайды. Тергеу жалғасып жатыр.