Бүгін сотта ауыр қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылған Бақытжан Байжанов экс-министрдің қысым жасап жатқанын мәлімдеді.
Сотта Бишімбаев пен Байжанов бір жерде отырады. Бүгін кезекті үзілістен кейін Байжанов экс-министрдің қысым жасап жатқанын мәлімдеді.
"Ол маған былай айт, былай айт деп, қысым жасап жатыр", - деді Байжанов.
Осыған байланысты Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады.
Ал экс-министр тек "құжаттарды қайтаруды талап етіп отырғанын" жеткізді.
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр.
Олар:
Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, басқа адамды қасақана аса қатыгездікпен қазаға ұшырату (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы - адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Ал Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.