Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Татарстанға шабылуыл жасаған жоқпыз»: Қазақстан Қорғаныс министрлігі ресейлік депутаттың мәлімдемесін жоққа шығарды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанның объектілеріне шабуыл жасаған дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Татарстанға шабылуыл жасаған жоқпыз»: Қазақстан Қорғаныс министрлігі ресейлік депутаттың мәлімдемесін жоққа шығарды
фото: sarbaz.kz

"Кейбір Telegram каналдарда таралған Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство азаматтарды қауесеттерге мән бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. "Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған", - деп атап өтті қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, Татарстан аумағындағы әртүрлі нысандарға дрондар шабуыл жасаған еді.

Ақпарат қайдан тарады?

Кеше Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Андрей Гурулев Татарстанның Елабуга мен Нижнекамскіне шабуыл жасаған дрондардың Украина аумағынан ұшқанына күмән келтіріп, олардың "Орталық Азия даласынан ұшырылған болуы мүмкін" деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол дрондардың  ұшу орны мен ұшу траекториясын мамандар тез арада анықтауы тиіс деп талап қойған.

Ресей тарапының мәліметінше, алғашқы камикадзе-дрон Нижнекамсктегі «Танеко» зауытына келіп соғылған. Екіншісі 05.40-та Елабугадағы арнайы экономикалық аймаққа, ал үшіншісі 06.15-те Елабугадағы «Алабуга-Политех» білім беру орталығына шабуыл жасаған. 
Қаза тапқандар жоқ, бірақ 12 адам жарақат алды дейді ресейлік БАҚ көздері.