Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
«Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде», - делінген хабарламада.