Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені атап өтеді. Осы орайда қазақстандықтардың қалай демалатыны egov.kz сайтындағы 2024 жылға арналған мерекелер күнтізбесінде көрсетілген.

Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды
Фото: martebe.kz

Қазақстандықтар мамыр айында үш мемлекеттік мерекені тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады: бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;

алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс.