Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Өліміне қатысым барын мойындаймын»: Бишімбаев сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Қуандық Бишімбаев сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Өліміне қатысым барын мойындаймын»: Бишімбаев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Бишімбаев жәбірленушілер мен марқұмның туыстары, ата-анасы отырғанын айтып, олардың алдында кешірім сұрады.

«Кәнім жоқ» немесе «айыпты мойындамаймын» деген мәлімдемемді түсіндіргім келеді. Мен әйелім Салтанатты аса қатыгездікпен, мақсатты түрде өлтірді деген айыпты мойындамаймын, - деді Бишімбаев.

Бишімбаев жауап беріп жатқан кезде Нүкенованың анасы сотталушыға қарата «қызымның түрін көрген жоқпын, қатыгездікпен өлтірген жоқпын деп қалай айта аласың», «сен оны 8 сағат бойы өлтірдің» деп айтты.

Мені жек көрулеріңізге болады, мені қарғауыңызға болады. Жаратқанның алдында, сіздердің де алдыңызда жауап беруге дайымын. Салтанатты жақсы көрдім. Оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Тағылған айыпты мойындамауым менің бұл іске қатысым жоқ екенін, кінәлі емес екенімді білдірмейді. (...) Кез келген жазаны қабылдауға дайынмын, бірақ өзімді қорғауым керек, - деді Бишімбаев.

Материал толықтырылып жатыр.