Абай облысында жоғалған 2 адам табылды (ВИДЕО)

Абай облысындағы құтқарушылар жоғалып кеткен 59 жастағы ер адам мен 11 жастағы баланы тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абай облысында жоғалған 2 адам табылды (ВИДЕО)
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңертең өңірдегі құтқарушылар 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін тауып, тікұшаққа отырғызды.

Олар елді мекеннен 25 шақырым жерден табылды.

Атасы мен немересіне медициналық көмек керек болмады.