Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының соққыға жығылған суретін көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Маған бұл суреттер түнгі уақытта жіберілді. Бірден олардың пәтеріне бардым. Полиция шақырдым, себебі Салтанат қоңырауларға жауап бермеді. Қуандық «қайда екенін білмеймін» деп айтты. Сондай-ақ «бұл олардың ісі» екенін жеткізді»,— Айтбек Амангелді.
Ол қарындасының бірнеше рет соққыға жығылғанын атап өтті.
«Салтанатты алып кеткім келді, алайда қарындасым некесін сақтап қалғысы келетінін мәлімдеді»,—деп толықтырды марқұмның ағасы.
Айта кетейік, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.