Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Украинадағы елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Украинадағы елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: t.me/uniannet

«Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз» — делінген хабарламада. 

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейтіні айтылған.  

Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады. 

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.