Алматыны шаңды дауыл басып қалды

Алматыда кенеттен шаңды дауыл болып, нөсер жауын жауды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматыны шаңды дауыл басып қалды
фото: t.me/kris_p_almaty_official

Қала тұрғындары шаңды дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілетінін мәлім етті.

Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.