Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қуандық Бишімбаев сотта кінәсін тағы да мойындамады

Қуандық Бишімбаев сот процесінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қуандық Бишімбаев сотта кінәсін тағы да мойындамады
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның көбі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша – менің тарапымнан мұндай қылмыстық әрекет ешқашан жасалған емес, айыпты толық мойындамаймын, - деді Бишімбаев сот отырысында.

Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ұстанымын сұрады.

Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, – деді сотталушы Бишімбаев.