Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Президент Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін Қытайға барады
Фото: Акорда

Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында «Азия және әлем: ортақ міндеттер, ортақ жауапкершілік» ұранымен Боао Азия форумы (БАФ) басталды.