Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қандай мұғалімдер аттестаттаудан босатылатыны айтылды

Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қандай мұғалім аттестациядан босатылатынын айтты, деп хабарлады Paryz.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қандай мұғалімдер аттестаттаудан босатылатыны айтылды
фото: Halyq Uni

Ол брифингте Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарған жұмыстары жайлы баяндап берді.

2023 жылы 2 724 педагог біліктілікті арттыру курстарынан, 897 педагог аттестаттаудан өтті. Оның ішінде 194-і «Педагог-зерттеуші», 189-і «Педагог-сарапшы», 514-і «Педагог-модератор) біліктілік санатын алды, - деді Раушан Қожамжарова брифингте.

Ол атап өткендей, педагогтердің аттесттаудан өту талаптарына өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда барлық мұғалімге өзгерістерді таныстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ол қандай өзгерістер:

1. Аттестаттау комиссиясы қаңтар-маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады;

2. Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдем деседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықтын нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;

3. Егер педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);

4. Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (ескі формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез келген біліктілік санатына арыз бере алады ("шеберден" басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

5. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.

6. 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері біліктілік санатын растау кезінде тестілеу тапсырудан босатылады.