Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақмола облысында білім бөлімінің қызметкерлері жауапқа тартылды

Сандықтау ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында білім бөлімінің қызметкерлері жауапқа тартылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ақмола облыстық прокуратурасының хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын талдау барысында 78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеу фактілері анықталды.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі.

Азаматтардың бұл санаттарына көпбалалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.

«Ал аудандық білім бөлімі көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған. Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындарын өтеді», - делінген ведомство хабарламасында.

Заңбұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.