Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ұлытауда жылқылардың қырылуына кім кінәлі

Ұлытау облысында қыста 360 бас жылқы қырылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Ұлытауда жылқылардың қырылуына кім кінәлі
Фото: Ерлан Төлеутай/Facebook

«Министрлік бұл мәселемен байыпты түрде айналысып жатыр. 1 наурыздан бастап Ұлытау облысына бардық. Қазіргі уақытта ол жақта вице-министр, Мал шаруашылығы департаментінің директоры жүр. Жалпы, ауа райының күрделі болуына байланысты жылқының қырылуы орын алды. Ең алдымен, күнде мал азығын дайындау жұмысын жүргізген кезде барлық облыс жем-шөптің 100 пайыз дайындалғаны туралы есеп берді. Бұл үшін аудандар мпен ауылдық округтердің әкімдері жауап береді. Мұнан бөлек, Ұлытау ауданында жем-шөп дайындауға 1,4 млрд теңге субсидия бөлінді. Ол жем-шөп дайындауға жұмсалды», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның атап өтуінше, өңірде 360 бас жылқы қырылған. Дегенмен, бұл соңғы дерек емес. Қазіргі уақытта қырылған жылқы басына анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. 

«Жауапкершілік тек әкімдіктерге ғана емес, сонымен бірге малдың иесіне де жүктеледі. Олар малды бағуға, жем-шөбін дайындауға жауап беруі тиіс. Егер де жем-шөп дайынадуға қатысты проблема болған жағдайда ауылдық немесе аудандық әкімдіктерге жүгінуі тиіс еді. Олар шешім қабылдауы тиіс болатын. Барлығы да жем-шөп 100 пайыз дайын деп есеп берді. Егер облыс бұл мәселені шеше алмағанда көрші өңірлерден жеткізер едік. Қазіргі уақытта өлген 360 бас жылқының иесін таба алмай жатырмыз. Бізде ауыл шаруашылығы жануарларын біріздендіру базасы бар. Осы базада қырылған жылқылар жоқ. Демек, иесіз деген сөз. Жібере салған, ешкім қарамайды. Олар әр басқа ақша төлеуі тиіс. Сондықтан мал иелеріне де сұрақтар бар», - деді Айдарбек Сапаров.