Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасылық өмірі жайлы айтты

Ол бұл жазбаны өзінің Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, некесінде бақытсыз сәттері болғанын жасырмады.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасылық өмірі жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Екеуміз қыз бен жігіт ретінде екі жылдай кездесіп жүрдік. Тіпті, екі рет үйленуге ұсыныс жасады. Сөйтіп, 24 жасымда тұрмысқа шықтым. Тұңғышымды 27 жасымда босандым. 14 жыл некеде болдық. Отбасылық өміріміз бен басымыздан өткен жағдайларға қарасам, бірге екі есе көп уақыт тұрғандаймыз (уақытша ұстау изоляторындағыдай бір күн екі болып есептеледі). Себебі бұл аралықта мен аса ақылды әрі болашағы зор жігіттің, экономика министрінің және сотталған адамның әйелі болып үлгердім. Жолдасымның мансабын бірге құрдық. Экономика министрінің келіншегі ретінде түрлі ресми қабылдауларда, кештерде жүрген жерімнен күйеуім жазасын өтеген барлық түрмелерді аралап шықтым. Бір кездері бақытты болдым. Бірақ мені көп алдады. Бақытсыз әрі күйзелісте болған сәттер де басымнан өтті. Тіпті болашағы жоқ некедегі өмірге де разы болған едім", - деп жазды Назым Қахарман.

Айтуынша, кәсіпкердің бұрынғы әйелі ажырасуға арызды өзі берген.

"Бұл шешімге келу маған оңай болмады. Мұнымен келісуге оған да уақыт керек еді. Себебі өмірлік серігім екеуміз бір бағытта өмір сүре алмайтыеымызды, жолымыз енді екі бөлек екенін түсіндім. Мені көп адам райымнан қайтаруға тырысты. "Балалар бар", "Ұят қой", "Ел не дейді?" деген сөздер айтылды. Ажырасқаным үшін өзімді мақтан тұтамын. Бұл жағдайды барынша сабырлықпен шештім. Күйеуім мен балаларым үшін де барынша жеңіл өтуіне бәрін жасадым. Бізден керемет жұп шықпады. Бірақ біз жақсы қарым-қатынасты сақтай алған, балаларын бірге тәрбиелеген бұрынғы ерлі-зайыпты бола алдық" деген Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің қайта отау құрғанына қуанған. Балаларға дейін Салтанат Нүкенованы бірден жақсы көргенін айтты.