Балуан Мұхамбет Қуатбектің неден көз жұмғаны белгілі болды

Еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлады Paryz.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Балуан Мұхамбет Қуатбектің неден көз жұмғаны белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Дереккөздің хабарлауынша, Мұхамбет 16 наурызда АҚШ-та жол апатынан қайтыс болған. Мұны марқұмның досы айтқан. Ал спортшының көз жұмғанын оның туыстары тек 19 наурызда біліпті.

"Мұхамбет бірнеше күн бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Біз тек кеше естідік. Қазір оның мәйітін елге әкелу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, 2-3 күнде елге жеткізіледі", – деді марқұмның досы Нұрболат Әбдіуәлиев.

Еске салайық, жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбек көз жұмғанын жазғанбыз. Ол жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Кейінгі жылдары Мұхамбет күрестен Қазақстан чемпионаттарында көрінген жоқ. Себебі спортшы бірнеше жыл бойы АҚШ-та тұрған.